COVID-19: 32 жағдай анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ATPress.kz.
21 маусымда коронавирус науқастары мына өңірлерде анықталды:
Нұр-Сұлтан қаласында - 7,
Алматы қаласында - 18,
Шымкент қаласында – 1,
Ақмола облысында – 1,
Ақтөбе облысында - 1,
Атырау облысында - 1,
Батыс Қазақстан облысында -1,
Қарағанды облысында - 1,
Қызылорда облысында -1.
Өткен тәулікте сондай-ақ 11 адам коронавирустан айықты:
Нұр-Сұлтан қаласында – 1,
Алматы қаласында – 9,
Қарағанды облысында – 1.
Айта кетейік, 20 маусымда 6 өңірде коронавирустың 20 жағдайы анықталған болатын. Ал 19 маусымда індет 12 адамда (Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында) тіркелді. Жалпы пандемия басталғалы елімізде індетті 1 306 014 адам жұқтырды, оның ішінде 1 292 180-і сауығып шықты. Осы күндері Еуропа елдерінде коронавирус жұқтыру күрт артты . Ал, Израильде күніне 10 мың адам аталған инфекцияға шалдығады.