COVID-19: 127 науқас стационарда ем қабылдап жатыр

18 сәуірдегі мәлімет бойынша 1 816 адам коронавирус инфекциясынан (856 КВИ+ және 960 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
127 пациент стационарда ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды. Ондағы ақпарат бойынша күні бүгін 1 689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 16 адамның жағдайы ауыр, өте ауыр жағдайдағы науқас жоқ.
3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.