Балаларға арналған дәрі-дәрмектерді жалған тіркеудің ондаған мың фактісі анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Қаржы министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған есептен шығарудың 68 717 жағдайы тіркелген.
Мәселен, Жетісу облысында екі балаға димексид препараты 126 мың рет жазылған. Яғни әр балаға шамамен 63 мың реттен дәрі тағайындалған болып шыққан.
Ал Астанадағы балалар ауруханасында бір тәулікке жетпейтін уақытта жатқан пациенттерге 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылған 179 жағдай анықталған.
Айта кетейік, Үкімет бұл фактілерді медициналық қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қарауға негіз болатынын мәлімдеді.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.