Атыраулықтар бас пен мойын ісігіне тегін тексеріле алады

Облыстық онкодиспансер  8 маусымда сағат 09.00-13.00 аралығында "ашық есік" күнін өткізеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл күні онколог тұрғындарды тегін қабылдайды. Мұның алдындағы ашық есік күнінде 22 тұрғын дәрігер қабылдауында болыпты. Соның екеуінде ауруға күдік расталып, жетеуінде басқа да аурулар анықталған. Дәрігерлер бес зерттеу жүргізген. 

Еске сала кетейік, онкодиспансер Владимирский көшесінде орналасқан, тел.: 76-60-47.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Atpress.kz