Атырауға Түркиядан келген баладан қызылша анықталды

Атырауда 2-9 наурыз аралығында қызылшаға күдікті төрт жағдай тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Барлық жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп отыр. Балалар қызылшаға қарсы екпе алмаған. Тіпті, біреуінің ата-анасы екпеден бас тартқан. Тағы бірі – Түркиядан келген жеті айлық нәресте. Қалғанының тексеріс нәижесі әлі шыға қоймаған.

Науқастармен қарым-қатынаста болған 135 адамға медициналық бақылау орнатылған. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша екі адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жүргізілді.

Айта кетейік, өңірде қызылша ауруының өршуі соңғы рет 2019 жылы тіркеліпті (774 жағдай).

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ