Атырауда ЖРВИ күшейді: инфекциялық ауруханадағылпрдың басымы - балалар

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан 60 науқас стационарлық ем қабылдауда. Олардың 49-ы — балалар, 11-і — ересек тұрғындар.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Барлық медициналық ұйымдар дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілген, ал сырқаттанушылыққа күн сайын мониторинг жүргізіліп отыр.

Қазіргі уақытта дәрігерлер науқастарға қажетті ем-шараларды толық көлемде көрсетуде. Пациенттердің жағдайы тұрақты, барлығы медициналық бақылауда.

Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырады. Атап айтқанда, жеке бас гигиенасын сақтау, адам көп жиналатын орындарда сақ болу, қауіпсіз ауызсуды пайдалану, иммунитетті нығайту және ауру белгілері байқалған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну маңызды.

 

Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды сабыр сақтап, дәрігерлердің ұсынымдарын орындауға үндейді.