Атырауда туберкулезбен ауыратындар азайған

Былтыр 9 айдың ішінде туберкулезбен ауырған 246 адам анықталса, биыл 231 науқас тіркелген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері туберкулездің таралу көрсеткіші 7,6%-ға төмендеген.

- Өлім көрсеткіші де өткен жылмен салыстырғанда 18,6%-ға төмендеді. Аурудың алдын-алу мақсатында 4 679 адам диаскинтесттен өтті. Оның 2256-сы бала, 310-ы жасөспірім және 2113-і ересек адам, - деді облыстық фтизиопульмонология орталығының статистик дәрігері Алмас Құмаров.

Бұдан бөлек, науқастармен қарым қатынаста болған 1430 адам тексерілген, оның 573-і бала, 707-і ересек, қалғаны жасөспірім. Қауіп-қатер тобына жататын 3 мыңға жуық адам да бақылаудан өткен.

Сәуле МАҒАУ

Фото freepik.com