Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ол азаматтарды халық еміне емес, дәстүрлі медицинаға жүгінуге шақырды. Осы орайда, жуырда ғана Атырауда орын алған жаға ұстатқан жайтты да тілге тиек етті.
«Жаңа туған сәбидің маңдайын тілгілеп, қан алынған атыраулық орталықты қазір жабу рәсімі жүріп жатыр. Себебі, онда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталып отыр. Оған қоса, медициналық көмекті бақылау комитеті де бірқатар заңбұзулықтарды анықтады. Сондықтан орталықты жабудан басқа амал жоқ» деп түсіндірді министр.
Ал, әзірге хиджаманың дұрыс немесе бұрыс екенін дәстүрлі емшілер мен кәсіби мамандар жан-жақты талдап жатыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
