Атырауда медицина қызметкерлері марапатталды

Шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев және бір топ ардагерлер мен медицина қызметкерлері қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленетін ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Ұлт саулығын қалыптастыру мақсатында атқарып жатқан еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін.Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен облыс әкімі Серік Жамбылұлының және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын.,- деді облыс әкімінің орынбасары М.Мурзиев.

Шарада медицина қызметкерлері Атырау облысы әкімінің және облыстық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, облысымыздың медицина саласын дамыту мәселелері бойынша жұмыстарға белсене араласып, Денсаулық сақтау саласының өркендеуіне өзіндік үлес қосқан медицина дәрігерлеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Еңбек ардагері”, “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” және “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгілері табыс етілді.

Еске сала кетейік, 17-21 маусым медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық апталығы болып өтті.