Атырауда мүгедектіктен құтқаратын құрылғы сатып алынды

AYALA қайырымдылық қоры Атырауда «Әлемді көремін» жобасын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Қор Атырау облысының облыстық перинаталдық орталығымен және «Galamat Integra» ЖШС-мен 2024 жылдың 26 ақпанында есігін ашқан ерте туған нәрестелердің ретинопатия орталығына Forus Neo ретиналды камерасын жеткізу туралы үшжақты шартқа қол қойды. Камераны жеткізу «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен мүмкін болмақ. Ретиналды камера орталықтың дәрігерлерін оқытудан кейін жұмыс істей бастайды. Атырау облыстық перинаталдық орталығында ашылған Ретинопатия орталығы облыстың түкпір-түкпірінен келген балаларды диагностикалауға және емдеуге қабылдайтын болады. «Теңізшевройлдың» қолдауымен сатып алынған ретиналды камера оны барлық қажетті диагностикалық жабдықтармен толық жинақтауды аяқтайды. 

Биылғы жылы AYALA Қайырымдылық қоры Атырау ОПО-на «Луцентис» препаратының 12 сауытын тапсырды, ол да жаңа туған сәбилерді көру қабілеті бойынша мүгедектіктен құтқаруға көмектеседі.