Атырауда қант диабетімен 13 мыңнан астам адам тіркелген

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Атырау облыстық ауруханасының штаттан тыс дәрігер-эндокринологы Айша Бермағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазір облыста 13 720 адам қант диабеті диагнозымен тіркеуде тұр. 595 науқас — биылға алғаш тіркелгендер. Жыл басталғалы 19 балаға алғашқы қант диабеті диагнозы қойылған.

– Қант диабеті – жаһандық деңгейдегі өзекті мәселе. Бүгінде әлемде 537 миллионға жуық адам осы дертпен өмір сүруде. Бұл көрсеткіш 2045 жылға қарай 783 миллионға дейін артуы мүмкін, – деді А.Бермағамбетова.

Қазақстанда 500 мыңнан астам ересек және 6000 нан астам бала қант диабетімен тіркелген. Дерт 2026 жылдан бастап әлеуметтік мәні жоқ аурулар қатарына енгізіліп жатыр. Казақстан денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуы бойынша, пациенттер тегін ем мен дәрі-дәрмекпен қамтылатын болады.