Атырауда індеттің өршуіне байланысты жұма намазы оқылмайды

Атырау облысында коронавирус инфекциясының қайта өршуіне байланысты мәдени, отабасылық, діни, басқа да көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы  баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы     Лаура Қайбалдиева   мәлімдеді.

Оның айтуынша,  жаңа қаулыда көрсетілгендей,  «Ashyq»  жобасына қарамастан,  концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, қызметіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, діни бірлестіктер объектілерінде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Бұл - эпидахуал реттелмей, жұма намазы да оқылмайды деген сөз.

Одан өзге қаулыда конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдарды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге рұқсат етумен, оффлайн режимде өткізуге, түнгі клубтардың қызметіне, қоғамдық тамақтану объектілеріндегі бар үстелдеріне қызмет көрсетуге және ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда), жеке кездесулер өткізуге (тек екпе алған 10 адамға дейін) тыйым бар.