Атырауда ақ халаттылар "Құрмет" орденімен марапатталды

"Облыстық мәслихаттың кезекті ХIV сессиясында медицина саласының үздіктері "Құрмет" орденімен марапатталды" деп хабарлайды ATPress.kz.
Кезекті сессия отырысында облыс әкімі Серік Шапкенов Медицина қызметкерлері күніне орай Айбек Ғабдуллин мен Дина Камеловаға "Құрмет" орденін тақты.
Айта кетейік, облыс әкімінің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті ХIV сессиясы өткен болатын. Облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен өткен отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.