Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сондай-ақ, жарты жылдық міндетті әлеуметтік медициналық жарналарын салық декларациясында есептемеген 50 салық төлеуші анықталған.
- Қызметкерлері үшін 2022 жылға МӘМС сомасын аудармаған 7 305 кәсіпкерге ескерту беріліп, оның 3054-і 142,8 млн теңге МӘМС сомасына қосымша салық есептілігін тапсырған. Аталған салық төлеушілермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірқатар шара жүргізілуде, - деді басқарма басшысы Қайсар Абдалиев.
Анықтама үшін: Облыста 84 297 адам сақтандырылмаған.
Фото: ru.freepik.com