Пандемия уақытында 2 жылға жуық жабық болған клиникалық-диагностикалық бөлімше өз жұмысын қайта бастады. Осыған орай, N2 облыстық ауруханада "ашық есік" күні өтті" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аурухана директорының міндетін атқарушы Надя Ерғалиеваның айтуынша, заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған аурухана бөлімшесі емделушілерге қызмет көрсетуге дайын.
- Бөлімшеде инфекционист, эндокринолог, невропатолог, терапевт және аллерголог, хирург мамандары консультативтік кеңес береді. Бұдан басқа компьютерлік томография, бактерио-серологиялық зертхана, клиникалық-диагностикалық зертхана, ФГДС, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті бар.
Кейбір науқастарға қажет болған жағдайда лабораториялық сараптама да жүргізіледі. Бұл іс-шара болашақта жалғасады, - деді Надя Ерғалиева.
Медициналық тексеруден өтуге келген тұрғындар өз алғыстарын білдірді.
- Ауруханада " ашық есік күні" өтеді дегенді естіп, медициналық тексеруден өтуге келдім. Дәрігерлер жыры шыраймен қарсы алып, ақпарат беріп, тексерілуіме көмегін тигізді, - деді қала тұрғыны Гүлзина Қосыбаева.