12 Қаңтар, 2022 440

Атырау облысында қаңтардың соңына дейін 50 мыңға жуық адам ревакцинацияланады

  Атырау облысында қаңтардың соңына дейін 50 мыңға жуық адам ревакцинацияланады

Қазіргі таңда облыс бойынша 11 123 адам қайта вакцинацияланды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

2022 жылдың 31 қаңтарына дейін 50 мың адамға ревакцинация жасалады.

Бұл туралы баспасөз алаңында өткен онлайн брифинг барысында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді.

"Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда коронавирустан 285 науқас, реанимация бөлімінде 8 науқас емделуде.

Сондай-ақ,  «Комирнати» вакцинасының  I компоненті 3120 адамға салынды. Оның ішінде 1398 оқушы, 164 жүкті және 1558 лактация кезеңіндегі аналар бар.

Сонымен қатар, облыста «Ашық» бағдарламасы арқылы 8735 кәсіпкерлік  нысандар тіркелген.

Осы аралықта барлық тіркелген нысандардан 2727 қызыл және  1801 сары мәртебелі адамдар анықталды", деді спикер.