Атырау облысында Pfizer екпесін алуға қарсы көрсетілімі жоқ әйелдер мен балалар саны 76 мыңды құрайды

Атырау облысында 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау үшін, дайындық жұмыстары басталды.
Ресми мәлімет бойынша, Атырау облысында 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрайды. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362.
Оның 70%-ының COVID-19 індетіне қарсы екпе алуына қарсы көрсетілімдері жоқ.
Балаларды, жүкті әйелдер мен емізулі аналарды індеттен қорғау мақсатында облысқа кезең-кезеңімен Pfizer вакцинасының бірінші және екінші компоненттерінің 153 270 дозасы жеткізіледі.
Сонымен қатар, облысқа 2 Pfizer вакцина мұздатқышы әкелінді. 12 қарашаға дейін израильдік вакцинаның 17 550 дозасын жеткізу жоспарлануда.