Атырау облысы "қызыл" аймаққа кірді: бір тәулікте 139 адам Covid-19 жұқтырған

Атырауда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды ATPress.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 139 науқас анықталған. Атап айтқанда, Атырау қаласында індет жұқтырудың 110 жағдайы расталса, Теңіз кен орнында 29 науқас тіркеліпті.

77 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, ал 62 адам симптомсыз, яғни оларда  ауру белгілері жоқ.

«Өткен тәулікте облыста коронавирустан 22 адам емделді. Қазір 190 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 142, аудандық инфекциялық стационарларда 17, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда  126 науқас ем алуда» делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймаққа өтті.