Атырау облыстық перинаталдық орталығына жаңа басшы тағайындалды

Қазбек Ермағамбетов облыстық перинаталдық орталығының басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуова 14 қараша күні жаңа басшыны орталық ұжымына таныстырды.

Ж.Садуова жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, алда атқарылар жұмыстарды да атап өтті.

Қ.Ермағамбетов 1982 жылы Атырау қаласында туған. Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде мейіргер ісі мамандығында білім алып, кейін интернатура мен резидентураны дәрігер акушер-гинеколог мамандығымен жалғастырған.

2008-2016 жылдары облыстық перзентхананың дәрігер акушер-гинекологы, 2016 жылы Денсаулық сақтау басқармасында бас маман, 2017 жылы облыстық перзентхананың босандыру бөлімшесінің меңгерушісі, 2018-2019 жылдары директордың емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары, 2021 жылы директордың міндетін атқарушы, күні бүгінге дейін директордың емдеу бөлімі бойынша орынбасары қызметінде болды.