22 «наурыз», 2022 1837

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ГЕМОДИАЛИЗ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ГЕМОДИАЛИЗ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

“Атырау облыстық №1 аурухана ұжымы жаңа орталық іске қосылды”,- деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. Мереке аясында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов ауруханадан ашылған гемодиализ орталығын аралап көріп, медицина қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Содан соң аймақ басшысы «Эфференттік терапия және гемокоррекция» орталығындағы жұмыс барысымен танысып шықты.

Аталған орталық облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «ББ Нура» компаниясы мен облыстық аурухана арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында ашылып отыр.

Айына 80 емделушіні қабылдауға арналған орталықта бірқатар ем шаралары жүргізіледі. Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастар станционарлық жағдайда емделеді. Созылмалы бүйрек ауруының көрсеткішін төмендету мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырылады.

Қазір мұндағы урология және гемодиализ кафедрасында арнайы 11 гемодиализ аппараты мен детоксикацияның басқа түрлеріне арналған үш аппарат бар. Мамандардың айтуынша, бір ғана гемодиализ процедурасының құны шамамен 40 000 теңге тұрады. Мұнда міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық қызмет тегін көрсетіледі.

Айта кетейік, қазір еліміз бойынша мұндай орталықтардың саны 23-ке жетіп отыр.