Оның ішінде 15 мыңға жуығы стационарлық ем қабылдады. Сонымен қатар 7 мың отаның 81%-ы шұғыл түрде жасалған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиевтің айтуынша, өткен жылдың қорытындысына сәйкес хирургияның 1-бөлімшесі арқылы 1526, 2-бөлімшесі арқылы 691, нейрохирургиямен 551, гинекологиямен 1455, урологиямен 575, травматологиямен 859, ал отоларингологияға байланысты 1359 ота жасалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Сондай-ақ дәрігер отаның басым бөлігі шұғыл жасалатындықтан жоспарлы оталарға кейде уақыттың тапшы болып қалатынын да атап өтті.
- Былтыр жасалған оталардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 463-ке артқан. Оған мамандардың біліктіліктерін арттыруы, бұрын-соңды облыста жасалмаған оталардың жасалуы себеп. Әлемде медицина саласы күннен-күнге дамуда. Сондықтан мамандардың біліктілігін арттыру өзекті мәселелердің қатарында. 2024 жылы бірқатар маман Астана, Алматы қалаларында және шет мемлекеттерде білімдерін жетілдірді. Биыл да бұл іс жалғасын таба береді, - деді Е. Иманғалиев.
Бүгінде медициналық мекемеде 734 адам жұмыс істейді, яғни, 138 дәрігер, 347 мейіргер, 187 кіші буындағы маман мен басқа да 70 шақты қызметкер еңбек етеді.
Сәуле МАҒАУ