Атырауға Анадолы медициналық орталығының дәрігерлері келді

Түркияның Стамбул қаласында орналасқан көпсалалы клиниканың онкологы Синан Карааслан мен онкогинеколог Таиланд Шенол Атырау облыстық онкология диспансерінің дәрігерлерімен кездесті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Дәрігерлер онкоқызметті жетілдіру және онкологиялық аурулармен күрес, ерте анықтау, емдеу тактикасын талқылап, дәрігерлермен тәжірибе алмасты.
- Дәрігерлеріміз шет елдің білікті мамандарымен тәжірибе алмасуда. Мамандар стационар емделушілеріне кеңес берді. Қатерлі және қатерсіз ісікті емдеу, күрделі оталарды жүргізуде де мол тәжірибесі бар. Бұл жұмысымыздың одан әрі жандануына мол әсерін тигізеді, деді облыстық онкология диспансерінің директоры Эльмира Сапарова.