АМӨЗ қызметкерлері COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан өтуде

Атырау МӨЗ қызметкерлері ұжымдық иммунитетті нығайту үшін COVID - 19-дан ерікті түрде ревакцинация курсынан өтуде.

Қызметкерлерді вакцинациялау және ревакцинациялау барлық эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып, зауыт аумағында орналасқан медициналық орталықта жүргізілуде. Зауыт қызметкерлері  "QazVac", "Vero Cell" препараттарымен ревакцинацияланады, ал 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар "Pfizer" вакцинасын алады (қалауы бойынша).

Мұнай және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру өндірісінің бастығы Асқар Ермышев алғашқылардың бірі болып қайта екпе алды:

 

– Қазір бүкіл әлемге «Омикрон» коронавирус  штаммы тарап жатыр. Сондықтан өзімді, әріптестерімді және жақындарымды қорғау үшін  ойланбастан  қайта екпе алдым. Баршаңызды аурудың алдын-алып, екпе алуға шақырамын. Өйткені, вирустың таралуын тоқтатудың ең тиімді әдісі- ол екпе.

"АМӨЗ" ЖШС жанындағы медицина орталығының меңгерушісі Галина Әубекерованың айтуынша, кәсіпорынның еңбек ұжымы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, ревакцинация қажеттігін түсінеді.

Кәсіпорында басталған ауқымды екпе  алу науқаны Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері иммунитетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда зауыт қызметкерлерінің  91%-ы бастапқы вакцинаның екі компонентін  алған.

Сонымен қатар, зауыт аумағында COVID-19-ға қарсы шаралардың толық кешені іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Қызметкерлер бетперде режимін сақтайды, зауыт қызметкерлерінің 59% қашықтықтан жұмыс  істеу режиміне көшті. Өткізу пункттері жоғары дәлдіктегі дене температурасын бақылау жүйелерімен жабдықталған, барлық кеңселерде дезинфекция жүргізіледі.