27 Маусым, 2022 1368

67 адамнан коронавирус анықталды

 67 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Қазақстанда 67 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстваралық комиссиясының Telegram каналы.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 300 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 13, Алматы қаласында - 52, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында – 1. Сондай-ақ өткен тәулікте 12 адам коронавирустан жазылды.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/otken-taulikte-67-adamnan-koronavirus-anyktaldy_a3948566