14 Қаңтар, 2023 146

2280 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

 2280 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Өткен тәулікте Қазақстанда 111 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

 14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 280 адам коронавирус инфекциясынан (–2 130+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 2 060 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

  «КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.