2023 жылы МӘМС үшін кім қанша төлейді? (+ВИДЕО)

Биылдан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% құрайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 

2023 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМДЕР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?

 ✅ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН - жалақының 3% мөлшерінде

❗10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге

 ✅ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ОНЫҢ ІШІНДЕ АҚС ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР - табысының 2%

❗10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге

 ✅ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР (ЖК)

ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге

 ✅ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АЗАМАТТАР НЕМЕСЕ БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕР

✔️ Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге

 ✔️ Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге

✅ ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР

 1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге

✅ МЕМЛЕКЕТ 15 ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА КІРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ

 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% құрайды*

* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.