16 Ақпан, 2023 78

15 ақпан - Халықаралық қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалар күні

 15 ақпан - Халықаралық қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалар күні

Осыған орай облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі аурумен күресіп жүрген бүлдіршіндердің көңілін аулайтын арнайы іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған іс-шара Avrora holging және «Жаңындамын» волонтерлік ұйымының қолдауымен өтіп отыр. Кездесу барысында аниматорлар би билеп, ән айтып бүлдіршіндерге көңіл күй сыйлады.

- Мұндай көңілді кеш жыл сайын өткізіледі. Негізгі мақсатамыз - балалардың көңілін аулау. Былтыр жаз айынан бастап облыстық балалар ауруханасы мен бірлесіп жұмыс атқарамыз келеміз. Біздің ұйымның волонтерлері ем алып жатқан балаларға шеберлік сағаттарын өткізеді. Яғни сурет алу, ермексазбен жұмыс, тәттілер жасау. Бұл әдіс балалардың ойлау қабілетіне және емделуіне оң әсерін беріп жатыр,- деді волонтерлік ұйымның жетекшісі Мейрамгүл Есниязова.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша қатерлік ісікке шалдыққан 103 бала диспансерлік есепте тұр. Олардың ішінде 55-і ісік ауруымен, 48-і жедел лейкоз ауруымен ауыратындар.