Білім

АМӨЗ алғашқы жартыжылдықты қорытындылады

АМӨЗ алғашқы жартыжылдықты қорытындылады

«АМӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Досмұратовтың еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Зауыт басшысы үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты өндірістік көрсеткіштер, әлеуметтік, экологиялық шаралардың нәтижелері туралы баяндап, жыл соңына дейінгі жоспарларға тоқталды.

1 қыркүйекке қарай республикада 52 жаңа мектеп ашылады

1 қыркүйекке қарай республикада 52 жаңа мектеп ашылады

ҚР Үкіметінің отырысында өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйектен бастап 7,7 мың білім беру ұйымында 3,9 млн бала білім алатынын, олардың 364 мыңы бірінші сыныпқа баратынын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биылдан бастап 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы (1-4) тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жатақханада тұру шығыстары өтелмек

Жатақханада тұру шығыстары өтелмек

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында Үкіметке «...студенттердің жекелеген әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтауды» тапсырды. Жаңа оқу жылы қарсаңында Президент тапсырмаларын орындау аясында Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде

Жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде

Бүгін облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков облыс орталығындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №27, 22, 31, 19 мектептер мен туберкулез ауруының шамалы және бәсеңдеген түрімен ауыратын балаларға арналған №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернаты, «Сәби әлемі» балабақшасында болып қайтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Биыл тамыз кеңесі жаңа форматта өтпек

Биыл тамыз кеңесі жаңа форматта өтпек

24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі басталады. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысы Ерлан Сламбеков баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда босаған  білім беру гранттарына құжаттар қабылданбақ

Атырауда босаған білім беру гранттарына құжаттар қабылданбақ

Резидентураға және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде әкім грантымен оқыған студенттердің босаған білім беру гранттарына құжат тапсыру ағымдағы жылы тамыз айының 21-23  аралығында жүзеге асырылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Атап айтқанда, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.