Желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Қарағанды колледждерінің бірінің студенттеріне бітіру емтихандарын тапсыруға және диплом алуға жол бермей, мәжбүрлеп әскерге алып кеткені туралы видео тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандар бейнежазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп отыр.
Бұл ролик 2020 жылдың желтоқсанында Ақтауда түсірілген. Кадрларда әскерге шақырылушының әскери комиссариаттан қашып кету әрекеті көрсетілген. Оны полиция қызметкерлері тез ұстап алып, әскерге шақыру пунктіне қайтарды. Әскерге шақырылушы қашуға тырыспағанын, тек ұмытып кеткен пакетін алып кетпек болғанын айтады.
Яғни, видеода қарағандылық студенттер емес, Ақтаудағы оқиға көрсетілген. Олай болса, таралған хабарлама фейк болып табылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ