Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру бойынша «Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары З.Курашева мен Б.Камешова мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, мамандық таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде қандайма мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Р.Мусина алып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Шара қонақтарының қатарында - АМӨЗ инженер-технологы Н.Мауесов, “Стройнадзор” ЖШС директоры Айбек Хасанов, Атырау қалалық мәслихатының депутаты А.Батаев болды.
Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
Айта кетейік, биыл Атырауда ресми түрде жұмысшы мамандықтар жылы ашылған болатын. Бүгінде елімізде жұмысшы мамандар жетіспейді. Әсіресе, атыраулық түлектердің халықаралық компанияларда зор сұранысқа ие.
Аман ШАМАР