14 «мамыр», 2023 39

Қазақстанда танымал әлемдік 9 университеттің филиалы ашылмақ


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Азия университеттері альянсы (АУА) саммитінің аясында Астана қаласында өтіп жатқан ұйым президенттерінің форумына қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Саммит – Альянстың негізгі іс-шараларының бірі, сондай-ақ ғалымдар, зерттеушілер мен саясаткерлер жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен даму үрдістерін талқылайтын платформа. Биыл Назарбаев Университеті қабылдаушы тарап болып отыр.

Премьер-Министр бұл іс-шара COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін Альянс университеттері басшыларының алғашқы жүзбе-жүз кездесуі екенін атап өтті.

«COVID-19 пандемиясы, технологиялық революция, жасанды интеллекттің дамуы және басқа да факторлардан туындаған әлемдегі қарқынды өзгерістер әртүрлі салаларда, әсіресе білім беру саласында инновациялық шешімдерге деген сұранысты арттыруда», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысы әлемдегі үрдістерді ескере отырып, Қазақстан 2027 жылға қарай ғылыми зерттеулерді қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің 1%-на дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар экономиканың барлық саласын қарқынды цифрландыру аясында Үкімет еңбек нарығына қажетті мамандарды тиісті деңгейде дайындау үшін жоғары оқу орындарының цифрлық архитектурасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

https://ortcom.kz/cache/imagine/1200/uploads/posts/645/e1c/1ce/645e1c1ce95f0539091604.jpg

Оған қоса беделді шетелдік университеттермен арадағы ынтымақтастық нығайып жатыр. Мәселен, төрт халықаралық ЖОО Қазақстан өңірлерінде өз филиалдарын ашты. Олардың арасында University of Arizona мен Heriot-Watt University бар. 2029 жылға дейін кем дегенде тағы тоғыз танымал университетті шақыру жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта өңірлердегі қазақстандық университеттерді халықаралық деңгейдегі оқу орындарына айналдыру бойынша бастамалар іске асырылуда. Ол үшін оқу орындарын жабдықтау және зерттеу зертханаларын құру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған орталықтар өңірлердегі стандартты көтеріп, академиялық және ғылыми дамуға ықпал ететін болады», — деді Әлихан Смайылов. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Анықтама: Азия университеттерінің альянсы – мүше университеттердің академиялық және мәдени ынтымақтастығына ықпалдасу мақсатында 2017 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. Оның құрамына Азияның түкпір-түкпірінде орналасқан 15 жоғары оқу орны, атап айтқанда, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд және басқа елдердің жетекші университеттері кіреді.

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары басталды

Бүгін, 15:13

Атырауда ерекше балаларға арналған алғашқы түзету кабинеті ашылды

Бүгін, 14:39

Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді

Бүгін, 13:39

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында үшінші алтын медальді жеңіп алды

Бүгін, 12:01

Екінші алтын медаль! Зухра Ирназарова - нысана көздеуден Азия ойындарының чемпионы

Бүгін, 11:21

Бүгін Азия ойындарында 35 медаль сарапқа салынады

Бүгін, 11:18

Атырауда жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтуде

Бүгін, 11:04

Биыл Атырау облысында 2300-ге жуық адам жүрек ауруымен тіркелді

Бүгін, 10:29

Әнұранға құрмет көрсетпеген әскери қызметкер жазаланды 

Бүгін, 10:08

Шетелге кеткен қазақстандықтардың саны 200 мыңға жуықтады

Бүгін, 10:00

Ту көрсе, Әнұран айтатын бүлдіршін елді сүйсінтті (+ВИДЕО)

Бүгін, 09:45

Биыл Атырау облысында 10 мың 913 сәби дүниеге келген

Бүгін, 09:31

Азаттық көшесінің сапасы тексерілді

Бүгін, 09:00

1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда

Кеше, 18:05

Атырауда жаңа аялдамалар орнатылуда

Кеше, 17:22

Қызыл кітапқа енген 28 құсты шетелге әкетпек болды

Кеше, 17:02

«Күй атасы – Құрманғазы» атты күйшілер сайысы өтті

Кеше, 16:37

Атыраудағы №19 мектептің жөндеу жұмыстары II тоқсанға дейін аяқталмайтын түрі бар

Кеше, 16:28