Құрманғазы ауданының әкімі ғасырлық тарихы бар мектепті аралап шықты

Бұл туралы аудан әкімі Абат Жанғалиев өзінің "фейсбук" парақшасында жазды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Ғасырлық тарихы бар мектептің жай-күйімен таныс болдым. Кеше аудан орталығындағы іргелі білім ордаларының бірі Абай атындағы жалпы орта мектебінде болып, жай-күйімен танысып қайттым, - дейді ол. – Білім нысандарын аралаудағы басты мақсат — олардың жағдайымен жақынырақ танысу, шешімін таппай жүрген күрделі мәселелер бойынша аудан деңгейінде шешу жолдарын қарастыру. Ғасырлық тарихы бар аталған мектепте қазіргі таңда 1182 шәкірт білім алуда.

Возможно, это изображение сверлильный станок

Аралау барысында қолданыстағы 100 орындық асхана, спортзал, оқу кабинеттері, жылу жүйелерінің жағдайын қарадым. Мектеп 2012 жылы күрделі жөндеуден өтіп, оған 2021 жылы модернизация жұмыстары жүргізілген. 2023 жылы мектепке техникалық сараптама жасалып, күні бүгін жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға бюджеттік өтінім жолдануда.

Возможно, это изображение сверлильный станок и измельчитель

Бұдан бөлек, мектеп ұстаздарымен дидарласып, кейбір оқу кабинеттерінде құрал-жабдықтар жаңартуды қажет ететіні айтылды. Атап айтқанда, балаларды еңбекке баулу мақсатында ашылған технология пәні кабинетіне жабдықтарды алу қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар, спортпен шұғылдануға арналған арнайы залдың тозығы жеткені оқушыларға үлкен кедергі келтіруде. Тағы бір назарға алатын мәселе, ол - мектептің алдындағы көлік тұрағына жауын-шашын күні судың көп жиналып, қозғалысқа кедергі келтіруі ата-аналар тарапынан айтылып келген болатын. Бұл ретте, жерін тегістетіп, топырақ төгу жұмыстарын атқаруға септесетін боламыз дегім келеді.

Возможно, это изображение теннис

Мектеп басшылығы тарапынан айтылған ұсыныстарды қаперге ала отырып, өз құзіретіміз шеңберінде шешу жолдарын қарастыратын боламыз. Айта кетейін, алдағы уақытта ауданның өзге де білім ордаларын аралап, материалдық-техникалық базасымен танысу жоспарымда бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ