Құлсарыда инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылды

Құлсары қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп базасында инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Мектеп қабырғасындағы инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің болуы кез-келген баланың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың дамуы үшін кедергісіз, толерантты және достық атмосфера мен жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Аталған кабинет «Ой-Сана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен ашылып отыр.

Айта кету керек, бұған дейін «Ой-Сана» қоғамдық қорымен №22,23,10 мектеп базаларында инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылса, «Сенім тірегі» қоғамдық қорымен №16 және №7 мектеп базаларында инклюзивті қолдау кабинеттері ашылған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ