Құлсары қаласында ғылыми-білім беру фестивалі өтеді

STEAM FAIR ZHYLYOY ғылыми-білім беру фестивалі 2 желтоқсанда Құлсары қаласындағы №8 мектеп базасында өтеді. Ұйымдастырушылар Жылыой облысы мен Бейнеу ауданында ғылым, технология, робототехника мен STEAM білім беруді насихаттауды мақат етіп отыр, деп хабарлайды AtyrauPress.  

Фестиваль ZhasSTEAM және STEAM Ustaz деген екі бөлімнен тұрады. Оның алғашқысында жаңа технологиялар, бағдарлау, инженерия, ғылым тақырыбында балалар мен жасөспірімдерге арналған контенті бар Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырылған спикерлер сөз сөйлейді.

"Спикерлер қатарында AIFC бұрынғы басшысы, физика бойынша олимпиаданың әлем чемпионы Ернур Рысмагамбетов, STEAM мектептеріндегі менеджмент саласындағы сарапшы Ануар Унайбеков, Astana HUB Басқарушы директоры Алина Абдрахманова, Urban School директоры, cosmos Npio КЕҰ директоры Александр Лукашевич бар. Педагогтарға арналған STEAM Ustaz секциясында ЖМБ пәндерінің педагогтары, робототехника және информатика саласындағы педагогтар болып табылатын жергілікті практик-спикерлер сөз сөйлейді", - дейді ұйымдастырушылар.

Бұл фестивальге оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер мен мектеп басшылары, сондай-ақ ғылым әуесқойлары қатыса алады. Қойылымдар арасында балаларға арналған байқаулар, квесттер, сыйлықтар мен ұтыс ойындары күтіледі.

Қатысу тегін және барлығына ашық. Тіркелу сілтеме арқылы: http://zm-steam.kz/fest-registration.

Фестивальді «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры және Теңізшевройл компаниясының қолдауымен Zhylyoy STEAM Mekeni жобасы ұйымдастырды.

Мира Нұртаева

Фото:freepik.com