Атырау қалалық білім бөлімінің ресми ақпаратына сәйкес, 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына, нақтырақ айтқанда көктайғақтың қалыптасуына байланысты қаладағы 71 мектептің 0–11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қашықтан оқыту 1 күнге ұйымдастырылады.
Бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Білім бөлімі жағдай тұрақталғаннан кейін оқу процесі қалыпты режимде жалғасатынын хабарлады.