ҚазҰУ ғалымдары қытайлық әріптестермен кездесті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, ЮНЕСКО журналистика және коммуникациялар кафедрасының ғалымдары қытайлық әріптестермен бас қосты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ унвиерситетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Еуразиялық телевизия және Радио академиясының академигі Мәншүк Мұқашева және филология ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедра меңгерушісі Орынтай Ошанова Сиань Цзяотун университетінің әріптестерімен кездесті.

Делегация құрамында журналистика және жаңа медиамектебі хатшысының орынбасары профессор Ву Фэн, халықаралық коммуникациялар кафедрасының меңгерушісі, доцент Лю Чанцзюнь, доцент Даян болды.

Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы журналистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, мамандарды даярлау мәселелерінде тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.