Енді қосымша білім беру жүйесі өзгерді: жыл сайынғы конкурс міндеттеледі!

Қазақстанда балаларға қосымша білім беру ұйымдарына арналған мемлекеттік орындар жыл сайын конкурс арқылы бөлінеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жариялады.

Бұрын қосымша білім беру орындары конкурссыз, кейде бұрынғы шарттарды ұзарту арқылы бөлінетін еді. Енді әр оқу жылы үшін конкурс міндетті түрде өткізіледі, ал бұрынғы шарттарды автоматты түрде ұзартуға жол берілмейді. Сонымен қатар, білім беру қызметін көрсеткен ұйымдарға бөлінетін орын саны сақталады, бұл әділ әрі ашық жүйе қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, бұл өзгеріс балаларға қосымша білім беру сапасын арттыру және оқу орындары арасындағы бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық талқылау 22 желтоқсанға дейін жалғасады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ