05 Шілде, 2023 22

Дипломдар QR-кодпен беріле бастады


Білім беру саласын цифрландыру аясында осы жылдан бастап техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім туралы дипломдар бланкіде QR-кодпен беріле бастады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. 

Деректерді автоматты сәйкестендіру мен верификациялау немесе QR-код технологиясын қолдану жалған диплом жасаудан қорғауға және жұмыс берушілердің диплом түпнұсқалығын бірден тексеріп алуына мүмкіндік беретін жаңашылдық болып табылады.

«QR-код дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол құжаттың иесі жайлы деректер, оқу орны туралы ақпарат пен Ұлттық білім беру деректер қорынан алынған құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді. QR-кодта түлекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер: түлектің аты-жөні, ұйымның атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі беріледі», – деді оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Сонымен қатар 2023 жылғы 6 шілдеден бастап осы жылы беріле бастаған ТжКБ дипломдары цифрлық жеке және жүргізуші куәліктері секілді  электронды үкімет порталындағы жеке кабинет немесе eGov электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттар сервисі арқылы немесе екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы алуға болады. Түлектерге «eGov Mobile» қосымшасы арқылы QR-код бойынша ақпаратты ұйымдар мен жеке тұлғаларға цифрлық түрде жіберу мүмкіндігі берілді. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылып келеді.

Биыл 140 мыңнан астам колледж түлектері QR-коды бар дипломдар алады.

Соңғы жаңалықтар

Атыраулық жекеменшік спорт клубының тәрбиеленушісі Алматыда қаза тапты

Бүгін, 21:34

Облыс әкімі Серік Шәпкенов ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Бүгін, 18:00

Атырауда түнгі тыныштықты бұзған мейрамханаға айыппұл салынды

Бүгін, 16:33

Мешітте баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды

Бүгін, 15:00

Атырау қаласындағы «қоқыс коллапсы» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бүгін, 14:11

Танымал әуе компаниясы балаларға арналған 50% жеңілдікті орындамаған

Бүгін, 13:25

Биыл заңсыз айналымнан 745 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін, 11:52

Атырауда қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Бүгін, 10:38

Аймақ басшысы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін, 09:00

Аймақ басшысы «Atyray’» газетінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады (+ФОТО)

Кеше, 18:14

Атырауда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтпек

Кеше, 18:08

Ташкентте 163 адам жарақат алып, 1 жасөспірім қаза тапты

Кеше, 18:07

"Атырау" газетінің ғасыр тойында жаңа кітаптар жарық көрді

Кеше, 17:40

"Жер шары 250 млн жылдан соң жарамсыз болуы мүмкін"

Кеше, 17:04

Қазақстанда арнайы жасақ туралы фильм көрсетілмек

Кеше, 16:08

Атыраулық жүргізушінің төленбеген 20 айыппұлы бар екені анықталды

Кеше, 15:03

Атыраулық батальонның батылдығы көпті сүйсіндірді

Кеше, 14:07

«Атырау»  газетінің ғасырлық мерейтойына көрме ашылды

Кеше, 13:41