Биыл Атырау облысында 6 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

Атырау облыстық білім басқармасы қызметкерлерінің хабарлауынша, 2021-2022 оқу жылында  5999 түлек білім ұясымен қоштасқалы отыр.  Оның ішінде «Алтын белгіні» – 244, ал «Үздік аттестатты» алуға 243 бітіруші үмітті. 
Айта кетейік, былтыр 5819 оқушы үшін соңғы қоңырау соғылса, оның 272-сі «Алтын белгіге», ал 243-і «Үздік аттестатқа» ие болды. 

 Эльмира МЫҚТЫБАЕВА