Білім – болашақтың берік іргесі

Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым саласын дамытуға ерекше мән берілген. Бұл бағыт елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын маңызды қадамдардың бірі.
Мамандардың айтуынша, білім беру жүйесін жетілдіру – мемлекет дамуының басты шарттарының бірі. Сондықтан жаңа Конституция жобасында адам капиталын нығайтуға басымдық берілуі заңды құбылыс.

Білім мен ғылым саласына көңіл бөлу арқылы мемлекет бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеді. Бұл – экономикалық өсімге де, қоғамның интеллектуалдық әлеуетінің артуына да тікелей әсер ететін фактор.

Сарапшылардың пікірінше, білім саласын қолдау елдің болашақ дамуы үшін стратегиялық маңызы бар.

Альбина Мидар,

Индер аудандық өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.