Атырау облысында технология мен робототехникаға қызығушылық танытатын 400-ден астам адамды қамтыған "AtyrauRobo" жастар фестивалі өтуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Басты мақсат — жастардың техникалық шығармашылық әлеуетін арттырып, олардың инновациялық ойлау қабілеттерін дамыту, жаңа технологиялар мен ғылым салаларында терең білім мен дағдыларды меңгеруге ынталандыру.
- Қос күнге созылатын сайысқа 14-18 жас аралығындағы мектеп және колледж жастарын шақырған болатынбыз. Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде Атырау облысының жеті ауданында техникалық шығармашылық бағыты бойынша оқыту сабағы ұйымдастырылып, инженерлік шешімдер байқауы өткізілді. Сол кезеңнен үздік атанған оқушыларымыз бүгінгі сайысқа қатысып отыр,-деді Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова.
Фестиваль аясында қатысушыларға шеберлік сағаттары, түрлі жарыстар, экскурсия және көрмелер ұйымдастырылып, белгілі спикерлердің қатысуы қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, сайысқа қатысушылардан бөлек өздерінің жұмыстарын таныстыруға Орал, Алматы және Астана қалаларынан арнаулы оқыту орталықтары келді.біл