Атыраулық ұстазға арнап ескерткіш тақта орнатылды

Биыл өмірден өткен белгілі ұстаз, ғалым, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау ниверситетінің профессоры Жиенбай Бақидың туған күнінде өзі тұрған үйінің қабырғасына облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия шешімімен ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Тақтаның ашылу рәсіміне ұстаздың шәкірттері, ұл-қыздары, тустары мен әріптестері қатысты.

"Жиенбай Базарбайұлы ұстаздықты жанымен сүйген, жүрген жерінде ізгілікті, эстетикалық әдемілікті насихаттап жүретін жан еді. Ағай алғаш университетте студенттер театрын құрған болатын. Алғаш университет музейінің негізін қалаған да өзі еді. 1993 жылы Қазақстан тарихы кафедрасының негізін қалап, кафедраны көп жылдар басқарды. Атырау университеті тарихшыларының ғылыми әлеуеті Жиенбай Бақидың тұсында нығая түсті. Оның значок жинаған фалерист болғанын да жақсы білеміз" деп еске алады әріптесі Гүлфайруз Қайырғалиева.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ