Атырау қаласында 14-35 жас аралығындағы мүгедектігі бар жандарға арналған «SMM&MOBILE PRO» атты үш күндік тегін оқыту курсы өткізілді. Іс-шара «Ұшқын» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Курс бағдарламасы қатысушыларды SMM негіздерімен, мобилографиямен және әлеуметтік желідегі жарнама (таргет) әдістерімен таныстырды. Екінші күні практикалық түсірілім жасалып, видеоролик монтаждау меңгерілсе, соңғы күні жарнама мен таргетке басымдық берілді.
Оқыту барысында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылып, курс соңында барлығына арнайы сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, жобаның ұйымдастырушысы – «Ерекше ана – ерекшем 16+» қоғамдық қоры. Ол Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, Азаматтарды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.