Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері арасында өтетін дәстүрлі «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауында атыраулық әдіскер жеңімпаздар қатарынан көрінді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім еткендей, Эльвира Капарова – Атырау қаласындағы №30 “Жұмбақ” балабақшасының әдіскері. Ол байқаудың республикалық кезеңінде жүлделі ІІ орынға ие болды.
Айта кету керек, “Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері” республикалық байқауы мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ