Атырауда үздік студенттер марапатталды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Atyrau Students Union» жобасы аясында «Stud Fest – 2025» облыстық фестивалінің гала-концерті өтті, сообщает корреспондент AtyrauPress.

Шараға жоғары оқу орындарынан іріктелген жүзге жуық белсенді студент қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Жастар өз өнерлерін ортаға салып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлауға тырысты. Жобаның мақсаты – студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру, мәдени және рухани құндылықтарды дәріптеу, жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

Әділқазылардың шешімімен жүлделі III орын Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжіне бұйырса, II орынға Атырау жоғары медициналық колледжінің студенттері ие болды. Бас жүлдеге Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің студенттері лайық деп танылды. Қатысушыларға арнайы ақшалай сыйлық пен дипломдар табысталды.