Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен полиция қызметкерлері бірлескен түнгі мониторинг барысында Сарыөзек ықшамауданында қоқыс үйіндісінің жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, от толық сөндірілді. Қазір полиция заңсыз әрекет жасағандарды анықтауда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мониторинг барысында Сарыөзек пен Орбита қорымы тексерілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — табиғатты қорғау, рұқсатсыз қоқыс тастаудың алдын алу және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.