Атырауда Students life онкүндігі өтуде

Студенттер 4-15 қараша аралығында Qazaqsha Quiz, “Шытырман” квестіне, Студенттік КТК, Break Dance, “Гитара Fest” сынды түрлі байқау мен іс-шараға қатыса алады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- Әр мерекелік күннің өзіндік мақсаты бар. Қай күнді алсақ та, жастар мен қоғам игілігі үшін берер нәтижесі мол. Мәселен, бүгін осы онкүндік аясында тоғызқұмалақ турнирін өткіздік. Оған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Турнир тартысты өтті, - деді облыстық білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының тәрбие әдіскері Ақтолқын Жұмағалиева.

Оның айтуынша, онкүндікте ұлттық және қайырымдылық бағыттағы іс-шаралар да ұйымдастырылады.

Сәуле МАҒАУ

Фото pixabay.com