Атырауда «Еңбек ардагері» медалімен 11 ұстаз марапатталды

Ұстаздар күніне орай облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ардагер ұстаздарды құттықтап, марапаттарын табыстады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен он адам, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен бір педагог және Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен бір ардагер ұстаз марапатталды. Жиынға облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов және сала ардагерлері қатысты.

⁃ Ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі тұлға. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өскелең ұрпақтың болашағы қалыптасып, еліміздің іргетасы нығая түсуде. Барша ұстазға мықты денсаулық, жаңа табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілеймін, – деді Дарын Шамұратов.