Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
⁃ Мектептерде оқушылардың тамақтан улану фактісін болдырмас үшін асханалардың жұмысын бақылайтын мониторингтік топ құрылды. Оның құрамында әлеуметтік педогог, ұстаздар және кәсіпкерлер бар. Олар асханадағы тағамның құнарлығы мен дәмін, оны жасау кезіндегі санитарлық тазалығын тексереді. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға ата-аналар мен мектептегі қасқоршылық кеңес мүшелері қатыса алады,- деді А. Дүйсекенова.
Анықтама үшін: қаладағы барлық білім ордасында 1-4 сынып аралығындағы 33703 оқушы мен әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы 4310 бала бір мезгіл ыстық тамақпен толық қамтылды. Басқарманың бекіткен мәзіріне сай әр бала 600 теңге көлемінде тамақтанады.