Атырау облысында Алтын белгіге үміткерлер саны белгілі болды

Атырау облысында 167 оқушы мектепті Алтын белгіге бітіруге үміткер болып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыстық білім беру бақармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті.

«Биыл облыстағы 211 білім ұйымын 141 мың 228 оқушы аяқтайды. Оның ішінде 9 сыныпты - 11 мың 789, ал 11 сыныпты  - 5 мың 683 оқушы тәмамадайды. Бітірушілер арасында Алтын белгіге - 167, Үздік аттестатқа - 248 оқушы үміттеніп отыр. Сондай-ақ, 9 сыныптар арасында Үздік аттестатқа 478  бала бітіреді деп күтілуде», - деді О.Биманова.

Айта кетейік, биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Қорытынды аттестаттау емтихандары 9-10 сыныптар үшін 2-13 маусым, ал 11-12 сыныптар үшін 5-19 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған.

 

 Эльмира МЫҚТЫБАЕВА